Шырқа, гитара! ән кеші

16 ақпан күні, сағат 17.00. «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Шырқа, гитара!» атты ән кеші өтті. Қарағанды қаласының кәсіби және әуесқой гитаршыларының басын біріктіріп, ән салып, өнерпаз жастардың уақытын тиімді пайдалана отырып, олардан түрлі ұсыныстар алып, сұхбат құрып, көңілді кеш ұйымдастырылды.

Қатысқан гитаршылар:
Шакенов Владимир Жунусович – Қарағанды қаласының №1 балалар музыкалық мектебінің ұстазы. Свердлов қаласының, Чайковский атындағы музыкалық училишесінің гитара класын тәмәмдаған. Көп жылдық тәжірибелі гитаршы.

Айнаш Сәдуақас – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 7 курс студенті;

Әнші, сазгер Жансерік Нишанбеков;

Рауан Қабидолдин – ақын, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі;

Асыл Баянова – Қарағанды мемлекеттік университетінің шет тілдер факультетінің студенті;

Марғұлан Уәли – әнші, сазгер. Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының маманы.

Сонымен қатар Алмас Мырзахмет, Айзада Рахимжанова, Еркін Нарынов т.б. ақындар өлеңдерін оқыды.

Кеш еркін форматта өтті. Елімізге танымал сонау 70 жылдардан бастап, кейінгі жылдарға дейінгі сазгерлердің әндерін айтып, және жаңа авторлық әндер орындалды.

Ән қалықтап, көңіліміз шарықтай берсін!

Блог - ZhastarTynysy: Шырқа, гитара! ән кеші

Қарағанды мемлекеттік медицина колледжі

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында "Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы" КММ Ақпараттық қамтамасыз ету және әлеуметтік технологиялар бөлімінің мамандары " Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын түсіндіру мақсатында Қарағанды мемлекеттік медицина колледжінде білім алып жатқан студент жастармен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, аталмыш кездесуге Қарағанды қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы мен Қарағанды облысы Конфессияаралық қарым-қатынастарының проблемаларын зерттеу орталығының маманы қатысып, Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) және діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Блог - ZhastarTynysy: Қарағанды мемлекеттік медицина колледжі

«Шырқа, гитара!»

Құрметті достар!

«Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өтетін «Шырқа, гитара!» ән кешіне шақырамыз!
Блог - ZhastarTynysy: «Шырқа, гитара!»

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Қазақстандықтар үшін мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып, балаларының оқуына ақша жинақтаудың жаңа тетігі жұмыс істейді
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Қазақстанда 2013 жылдан бастап Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) қызметін бастады.

Жүйе Қазақстан Республикасының әр азаматына өзінің атына немесе баланың атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанның және шет елдердің колледждері мен ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға мүмкіндік береді. Жүйенің операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.

Бүгінгі таңда 15 000 жуық білім беру жинақтау салымы ашылды.
Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 10% сыйақы мен жыл сайын мемлекеттен 5% немесе 7% (жеңілдікті санаттағылар үшін) сыйлықақы есептеледі:
Мемлекет сыйлықақысы 5%, 7% + Банк сыйақысы 14% = Салым бойынша табыстылык 19%, 21% басталады.

Білім беру жинақтау салымының артықшылықтары:
• Мемлекет сыйлықақысына табыс түрі ретінде салық салынбайды;
• Білім беру жинақтау салымдары 10 млн. теңгеге дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады;
• Минималды бастапқы жарна – 3АЕК (2017 ж. 6 807 теңге);
• Жинақтау мерзімі – 20 жылға дейін;
• Мемлекеттің атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепілдігімен банктен білім беру кредитін алу мүмкіндігі бар.

Білім беру гранты тағайындалған салымшының құқығы:
• жинақты мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;
• ақшаны басқа баланың атына аудару;
• білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру.

* Мемлекеттік сыйлықақы мен банктің сыйақысы капиталға айналып, білім беру жинақтау салымдары бойынша табыстылық 19 % құрайды, нәтижесінде салымшы білім беру қызметтерін сатып алу шығыстарынан 30-40% дейін үнемдейді.

Білім беру жинақтау салымын ашу үшін қажетті қадамдар:

1-қадам – МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау.
2-қадам– Білім беру жинақтау салымын ашу.
3-қадам – Бастапқы жарнаны енгізу.

Құжаттар:
— ата-ананың бірінің жеке куәлігі;
— баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.
Блог - ZhastarTynysy: Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
Блог - ZhastarTynysy: Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
Әрі қарай

Қарағанды қаласында сауат ашу орталығы ашылады

2017 жылдың 29 қаңтары сағат 09.30-да Сіздерді, Қарағанды облысы бойынша Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасының жанындағы Олжас Есенұлы атындағы сауат ашу орталығының салтанатты ашылуына шақырамыз!

-----------------------------------—
29 января текущего года в 09.30 часов приглашаем Вас посетить торжественную церемонию открытия учебно-реабилитационного центра имени Олжаса Есенұлы при Духовном управлении мусульман Казахстана по Карагандинской области.
В стенах Центра ученики будут изучать основы Корана, исламского вероучения и арабского языка. Также, наставники будут заниматься нравственным воспитанием учеников. Кроме того, в Центре планируется проведение реабилитационной работы с приверженцами деструктивных религиозных учений.

Блог - ZhastarTynysy: Қарағанды қаласында сауат ашу орталығы ашылады

Универсиада алауы Қарағанды қаласында

Астанадан кейін Универсиада алауын алғашқы болып тұтатқан облыстардың бірі — Қарағанды облысы. 2017 жылдың 26 қаңтары Қарағанды облысы Алау эстафетасын қабылдады. Эстафетаға өңір атынан ең үздік спортшылар қатысты.

Естеріңізге салып өтейік, Қарағанды облысындағы эстафета екі кезеңге бөлініп өткізілді: бірінші кезең Теміртауда, екінші кезең Қарағандыда өтті. Қарағанды облысы бойынша өтетін жол бағытының жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрады.

Алау эстафетасы барысында Қарағанды қаласының Жоғары оқу орындарының студенттері флэш-мобтар ұйымдастырып, спортшыларға барынша демеу көрсетіп тұрды.



26 января 2017 года жители городов Караганда и Темиртау стали свидетелями большого события – зарождения Огня Универсиады. Огонь взял своё начало от доменной печи №2 темиртауского завода АО «АрселорМиттал Темиртау», а факелоносцы пронесли его по центральным улицам двух городов. Совсем скоро факелоносцы и хранители Огня двинутся в сторону ледового дворца «Караганда-Арена».

Студенты вузов, работники различных учреждений вышли, чтобы поддержать эстафету Огня, а тем самым и наших спортсменов, которые выступят на Универсиаде в Алматы.

Те, кто вышел поддержать мероприятие, помимо флажков с логотипами Универсиады взяли с собой яркие воздушные шары, кто-то растянул флаг нашей страны. На площади Независимости в момент, когда факелоносцы пробегали мимо, состоялся флешмоб. Люди радостно приветствовали студентов, которым доверили важную миссию – пронести огонь по городу.
Блог - ZhastarTynysy: Универсиада алауы Қарағанды қаласында

Қарағанды облысында Елбасының үндеуі талқыланды

2017 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға арнайы үндеу жасады. Елбасы, Президенттің бірнеше өкілеттігін Парламент пен Үкіметке беру туралы шешім қабылдағанын жариялады.

Осыған орай, 2017 жылдың 26 қаңтары жастар арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі талқыланды.

Іс-шараға Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы М.Ж. Құттыбай, «Саясаткерлер конгресі» Қарағанды облыстық филиалының директоры Е.Ж. Есенғараев және Қарағанды облысы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» филиалының, «Технопарк Сары-Арқа» ЖШС, сонымен қатар басқарма және орталық мамандары қатысты.



26 января 2017 года Управлением по вопросам молодежной политики Карагандинской области был организован круглый стол по обсуждению обращения Президента Республики Казахстан по вопросам перераспределения полномочий между ветвями власти.

В мероприятии приняли участие руководство и сотрудники управления, лидеры молодежных организаций и активная молодежь области.
В ходе круглого стола участниками были обсуждены инициативы Главы государства по делегированию значительной части полномочий парламенту и правительству.

Также каждый участник совещания высказал свое мнение в поддержку данной реформы и призывали всех граждан нашей страны быть активными при всенародном обсуждении предстоящих глобальных изменений в политическом устройстве страны.
Блог - ZhastarTynysy: Қарағанды облысында Елбасының үндеуі талқыланды

ХАБАРЛАНДЫРУ / ОБЪЯВЛЕНИЕ

2017 жылдың 29 қаңтары сағат 09.30-да Сізддерді, Қарағанды облысы бойынша Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасының жанындағы Олжас Есенұлы атындағы оқу-сауықтыру орталығының (медресесінің) салтанатты ашылуына шақырамыз!


29 января текущего года в 09.30 часов приглашаем Вас посетить торжественную церемонию открытия учебно-реабилитационного центра имени Олжаса Есенұлы при Духовном управлении мусульман Казахстана по Карагандинской области.
В стенах Центра ученики будут изучать основы Корана, исламского вероучения и арабского языка. Также, наставники будут заниматься нравственным воспитанием учеников. Кроме того, в Центре планируется проведение реабилитационной работы с приверженцами деструктивных религиозных учений.

Блог - ZhastarTynysy: ХАБАРЛАНДЫРУ / ОБЪЯВЛЕНИЕ

Мемлекеттік "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы туралы

Оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс тәжірибесіне ие болу үшін мемлекет алтыайлық жастар тәжірибесін өтуді көздейді.

Диплом алған түлек (29 жасқа дейін) өз қаласының (аудан) әкімдігіндегі жұмыспен қамту орталығына барады. Жұмыспен қамту орталығы аталмыш мамандардың бірыңғай базасын қалыптастырады және жұмыс беруші компаниялардың арасындағы дипломдық бағыт бойынша бағдарламалардың қатысушыларын бөледі.

Жұмыспен қамту орталығы түлектермен алты айға еңбек шартын жасайды. Жұмыс күні ҚР еңбек заңнамасы бойынша еңбек шарттарына сәйкес анықталады.
Жастар тәжірибесіне бағытталған бағдарламаларға қатысушылардың ай сайынғы төлемі 18 айлық есептік көрсеткіштерді (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмағае еңбек демалысы үшін өтемақылар және банк қызметтерін шегерусіз) құрайды.

Егер жұмыс беруші тәжірибе кезінде сізді өз компаниясы үшін сай келеді деп таныса – ол сізді тұрақты жұмысқа қабылдауға құқылы. Жас маман үшін бұл нұсқа неғұрлым қолданылымды, осыған қарамастан тәжірибеде өзіңді және өзіңнің кәсіби дағдыларыңды көрсету қажет екендігін естен шығармаңыз.
Бағдарлама алынған мамандық бойынша түлектердің бастапқы жұмыс тәжірибесін арнайы алуына арналған.

Бағдарламаға қатысу үшін түлекке мыналар қажет:

— Өз қалаңыздың немесе ауданыңыздың әкімдігі жанындағы Жұмыспен қамту орталығына жүгіну.
— Жұмыссыз ретінде тіркелу (жасы 29-дан артық емес).

Құжаттарды беру:
— жеке куәлік;
— диплом;
— үй кітапшасы немесе мекенжай парағы;
— зейнетақы қорынан шарт;
— Халық банкінен ағымдық дербес шот;
— денсаулық жағдайы туралы анықтама ф.086-У.

Бұдан басқа «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру аясында кәсіби білім беру орындарының базасы қалыптасады және «Жастар еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталы, «Жұмыс» ақпараттық порталы құрылады.
Блог - ZhastarTynysy: Мемлекеттік Жастар тәжірибесі бағдарламасы туралы
Әрі қарай

«Дипломмен - ауылға» бағдарламасы туралы...

ЖОО мынадай мамандықтар бойынша аяқтаған студенттер үшін:

-білім беру;
-денсаулық сақтау;
-әлеуметтік қамтамасыз ету;
-мәдениет және спорт;
-ветеринария.

Мемлекет жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерден жұмыс ұсынады:

-70 АЕК мөлшеріндегі көтерілуге көмектің бірыңғай жәрдемақысын төлеу;
1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие;
-ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25 % кем емес (қалалық елді мекенде) арттыру.

Бағдарламаға қатысу үшін:

-сіз таңдаған елді мекеннен жұмысты өзіңіз табуыңыз (ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.);
-жұмысқа қабылдағанда кандидат аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш беру;
-жұмысты өзіңіз іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда сіз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жүгіну;
-аймақтардағы кадрлардың қажеттіліктері туралы мәліметтер облыстық әкімдіктердің басқармаларының сайттарында орналастырылуы қажет.

Жобаға қатысуға арналған құжаттар тізімі:

-нысан бойынша өтініш;
-жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
-жаңа жұмыс орны бойынша кадрлық қызметпен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
-тиісті елді мекенде тұратынын растайтын азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (үй кітапшасы) немесе мекенжай анықтамасы;
-білім туралы дипломның көшірмесі;
-Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйді сату-сатып алу туралы алдын-ала шарт;
-жылжымалы мүлікті бағалау акті (бюджеттік несиені алу үшін);
-тұрғын үйдің құрылысына ұсынылған жер учаскесін пайдалану құқығына акт.

Соңғы үш жылда «Дипломмен ауылға» жобасының аясында республиканың ауылдық елді мекендеріне 24 577 маман қатыстырылған.

Блог - ZhastarTynysy: «Дипломмен - ауылға»  бағдарламасы туралы...
Әрі қарай